Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Роман Горяиновпен жұмыс кездесуі

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Роман Горяиновпен жұмыс кездесуі

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Роман Горяиновпен және Украина Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстан азаматтарының Украинаға кіру ережесі болды.

Украина тарапы Қазақстан Елшісіне Қазақстан азаматтары үшін Украинаға кіру ережелері өзгермегенін, бірақ елдегі әскери жағдайды ескере отырып, кіру кезінде келу мақсатын нақтылау үшін қосымша ақпарат сұралуы мүмкін екенін хабарлады.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар 2023 жылдың қорытындылары мен консулдық саладағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады.

Кездесу соңында тараптар жедел мәселелерді шешу үшін тығыз байланыста болуға келісті.