Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою туралы

Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою туралы

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке тұруын сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтында «Консулдық және визалық мәселелер» бөлімінің «Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері» бөлімшесінде орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжатыңыздың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы Елшілікте жеке қатысусыз уақытша консулдық есепке тұруға болады.

Өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің веб-сайтынан, әлеуметтік желілерінен және жедел мессенджерлерінен бақылауға болады:

Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev?lang=ru;

Facebook: https://www.facebook.com/KazEmbassyUkr/;

Instagram: @kazembukr;

Telegram: t.me/KZembassyinUKR;

Telegram-bot: @ConsulKZinUAbot

 

Елшіліктің байланыс нөмірлері (Қазақстан Республикасы азаматтарының шұғыл байланысы үшін): +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08.