Киевте ҚР ИИДМ Азаматтық авиациясы комитеті төрағасының Украинаның инфрақұрылым министрімен кездесуі өтті

Киевте ҚР ИИДМ Азаматтық авиациясы комитеті төрағасының Украинаның инфрақұрылым министрімен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Украинаның инфрақұрылым министрі Александр Кубраковпен кездесу өткізді.

Тараптар халықаралық тасымалдау, көлік, әуе қатынасы және инфрақұрылымды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Еуропа мен Азия арасындағы «көпір» қызметін атқаратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар екі елдің теміржол әкімшіліктері арасында осы саладағы ынтымақтастық перспективаларын егжей-тегжейлі талқылау үшін консультациялар ұйымдастыруға келісті.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы тұрақты рейстердің қайта қалпына келуін оң атап өтті. Осыған байланысты жыл соңына дейін екі мемлекет арасындағы тұрақты авиациялық байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мақсатында авиациялық билік деңгейінде келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.