Қазақстан мен Украина реттеушілік саясат саласындағы тәжірибемен алмасуды көздеуде

Қазақстан мен Украина реттеушілік саясат саласындағы тәжірибемен алмасуды көздеуде

2021 жылғы 9 маусымда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Мемлекеттік реттеушілік қызметінің басшысы Алексей Кучермен кездесті.

Қазақстандық дипломат кәсіпкерлік пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл аясындағы Қазақстанның жаңа тәсілдемелер туралы ақпаратты жеткізді. Сұхбаттасушыны Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевтың кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі бастамалары аса қызықтырды. Атап айтқанда, жаңа бір талап енгізілген жағдайда қолданыстағы екі талапты жоюды көздейтін «1 іn 2 out» қағидатын, реттеушілікаппеляция институтын енгізу, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру және басқа да жаңалықтар.

А.Кучер, өз тарапынан Украинадағы осы саладағы орын алып жатқан ағымдағы жағдай мен реттеушілік саясатты жетілдіру бойынша жоспарлармен бөлісті. Украина іскерлік ортаны жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы әлемдік «Doing Business» рейтингісіндегі өзінің жайғасымын көтеруге бел бууда.