Қазақстан мен Украина мәдени байланыстарын дамытуды жалғастыруда

Қазақстан мен Украина мәдени байланыстарын дамытуды жалғастыруда

2021 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің өкілі «Үміт пен жақсылық» Бүкілукраиналық қайырымдылық қоры мен «Өнер мектебі» Херсон білім-эстетикалық кешені ұйымдастырған «Халық ертегісіне арналған иллюстрация» тақырыбындағы жыл сайынғы Балалар суреттерінің халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне және олардың туындылардың көрмесіне қатысты.

Байқауға 12 елден - Қазақстан, Украина, Беларусь, Болгария, Үндістан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Түркиядан - 3405 өнер туындылары ұсынылды. Құрамына Болгария, АҚШ және Украинаның суретшілері кіретін қазылар алқасы 30 жеңімпазды анықтады және 250 шығарманың авторлары лауреаттардың дипломдарымен марапатталды.

Қазақстаннан байқауға 94 баланың суреттері ұсынылды, оның 2-уі жеңімпаз атанды – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіның Білім басқармасының «Жұлдыз» балалар көркемсурет мектебінің оқушылары - Әуелхан Осман, 8 жаста, «Калинов көпіріндегі шайқас» және Исаева Юлия, 15 жаста, «Түлкі мен тырна» жұмысы. Марапаттарды Елшілік конкурстың жеңімпаздарына одан әрі ұсыну үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне жеткізеді.

Салтанатты шараға қайырымдылық қорының басшысы, Украинаның бұрынғы Отбасы, балалар және жасөспірімдер министрі Валентина Довженко, Украинаның Әлеуметтік саясат министрі Марина Лазебная, шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, «Артек» Халықаралық балалар орталығының оқушылары және т.б. қатысты. Іс-шара аясында «Артек» Халықаралық балалар орталығының оқушыларымен пікірталас өткізілді.

Конкурсты ұйымдастырушыларға сыйлық ретінде Қазақстан Елшілігі украиналық тілінде басып шығарған «Бақыт құсы» қазақ халық ертегілерінің жинағы» сыйға тартылды.