Киевте қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған оқулар өтті

Киевте қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған оқулар өтті

Қазақтың көрнекті халықтық суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен бірге Ж.Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ және украин тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлына жауап» және тағы басқаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді, сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.

Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.