Қазақстанның Елшісі Украинаның Футбол қауымдастығының президентімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Украинаның Футбол қауымдастығының президентімен кездесті

2021 жылғы 15 ақпанында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Футбол қауымдастығының президенті Андрей Павелкомен кездесіп, ү.ж. 31 наурызда өтетін Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі матчына дайындық барысын талқылады.

Әңгіме барысында карантинді ескере отырып, қазақстандық жанкүйерлердің осы матчқа қатысуының негізгі шарттары келісіліп, екі елдің футбол федерациялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша қосымша шаралар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.