
Киев, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған В.Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университеті делегациясының ү.ж. 16–18 наурызда Қазақстан Республикасына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде, НАРХОЗ университетінде, Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) және ҚМЭБИ университетінде болып, онда басшылық және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және экономика, қаржы, кәсіпкерлік пен цифрлық экономика салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады. Білім беруді цифрландыруға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге және деректерді талдау саласындағы құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылды.
Украиналық тарап Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Осы өзара іс-қимыл Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі қағадаларынына сәйкес келеді, онда экономиканы жедел цифрлық трансформациялау, адами капиталды дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және заманауи, икемді әрі бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілген.
Сапар қорытындысы бойынша серіктестікті одан әрі тереңдету, соның ішінде цифрлық экономика мен жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін және білім мен ғылым саласындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл үшін негіз болатынын баса атап өтті.