РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинада әскери жағдай әрекет етуіне байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша референдумді өткізу Украина аумағында жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын іске асыру мақсатында Украина аумағында жүрген және референдумға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Польша Республикасы мен Молдова Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері жанында ашылған тиісті сайлау учаскелерінде дауыс бара алатынын хабарлаймыз.

Дауыс беруге қатысу тәртібі, сайлау учаскелерінің мекенжайлары және олардың жұмыс уақыты туралы қосымша ақпаратты аталған мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінен алуға болады.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі азаматтарды референдумға қатысу жоспарлары кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.