Қазақстан Елшісі Украина мұсылмандары Діни басқармасының басшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Украина мұсылмандары Діни басқармасының басшысымен кездесті

Киев, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Шейх Ахмед Тамиммен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Астанада әлемнің 60 елінен 100-ден астам делегацияны жинаған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары туралы айтып берді. Алғаш рет Съезд алаңында БҰҰ Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғауға арналған арнайы сессиясы, сондай-ақ Жас діни лидерлерінің форумы өткізілгені атап өтілді. 

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің күш-жігерін бейбітшілік пен тұрақтылықтың ортақ мүдделері үшін біріктіру мақсатында Съезд қамқорлығымен жаһандық «Бейбітшілік қозғалысын» құру жөніндегі бастамасының өзектілігін атап көрсетті. Әлемдегі зорлық-зомбылықтың шиеленісуі мен геосаяси тұрақсыздықтың өсуі жағдайында рухани дипломатияның маңызды рөлі атап өтілді.

Шейх Ахмед Тамим Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жаһандық дінаралық диалогты нығайтудағы рөлін, сондай-ақ Қазақстан басшылығының бастамасын және сегізінші форум қорытындысы бойынша қабылданған «Астана бейбітшілік декларациясы - 2025» жоғары бағалады. Украина мұсылмандары Діни басқармасының басшысы Астанадағы Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен өзара әрекеттестік орнатуға үлкен қызығушылық білдірді.