Қазақстан мен Украина президенттерінің кездесуі туралы

Қазақстан мен Украина президенттерінің кездесуі туралы

Нью-Йорк, 2025 жылғы 23 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты өзінің көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікірін білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.