Қазақстандық және украиндық шаруалар іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстандық және украиндық шаруалар іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады

Ү.ж. 15 қыркүйекте ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Украина Сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығының, дипломаттар мен екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан мен Украина: агроөнеркәсіп кешеніндегі екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты бейнеконференцияның жұмысына қатысты.

Форум аясында ҚР агроөнеркәсіптік аймақтарын, агрохабтар мен логистикалық орталықтарын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу жобаларын іске асыру, сондай-ақ мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және сүт өнеркәсібі салаларындағы іскерлік байланыстарды кеңейту бойынша екіжақты ынтымақтастықтың тәжірибелік мүмкіндіктері талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттер тұрғысынан ауыл шаруашылығы холдингтерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін атап өтті. Тікелей байланыстарды қолдау және агроөнеркәсіп кешені саласында бизнес жүргізу мен инвестиция салудың тиімді тетіктерін құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.