Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы Құрметті консулдығында көшпелі консулдық қабылдау

Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы Құрметті консулдығында көшпелі консулдық қабылдау

2025 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен Львов қаласында азаматтарға арналған көшпелі консулдық қабылдау өткізу жоспарлануда.

Қабылдау барысында консулдық қызметтерді жүзеге асыру үшін құжаттарды тапсыру, сондай-ақ Елшіліктің сақтауында жатқан құжаттарды алу мүмкіндігі беріледі.

Қабылдау орны: Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы Құрметті консулдығы (Львов қаласы, Замкнена көшесі, 3/1 үй).

Азаматтарды қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылатын болады.

2025 жылғы 1 шілде, сағат 12:00-ге дейін келесі сілтеме арқылы жазылуға болады:

https://docs.google.com/forms/d/10IFIm2CvlXjScjb_f4jsjJtQbgyS7Pt2sK-W87Rm-Bg/edit#settings

Жазылуға қатысты сұрақтар бойынша келесі электронды поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: consul@kazconsul.com.ua

Консулдық қызметтер, қажетті құжаттар тізімі, анкеталар мен толтыру үлгілері туралы өзекті ақпаратты Елшіліктің ресми сайтынан таба аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/activities/6536?lang=ru