Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы
Өткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жыл
Қатысушылардың келу күні: 18 маусым
Қайту күні: 21 маусым
Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру.
Байқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:
Байқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:
Қатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.
Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады.
Байқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:
Байқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kz
Байланыс мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,
«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинет
Тел.: +7 (7172) 57 65 63
E-mail: info@daryn.kz
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.