Киев, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Перебийниске сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.
Сенім грамоталарының көшірмесін тапсыру рәсімінен кейінгі өткен сұхбат барысында өзара қызығушылық танытатын екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Тараптар әртүрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін атап өтіп, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.