Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
18 сентября 2019
Варшавада Қазақстанның әлеуметтік-саяси даму және адам құқықтары саласындағы реформалары ЕҚЫҰ алаңында ұсынылды

2019 жылғы 16 қыркүйекте Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросының адами өлшем саласындағы міндеттерді орындауын шолу бойынша жылсайынғы Кеңесі бастау алды.

Іс-шараға ЕҚЫҰ 57 мүше елдерінің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатарынан екі мыңға жуық қатысушылар қатысуда.

Кеңес күн тәртібіне ЕҚЫҰ кеңістігінде адам құқықтары мен фундаменталдық бостандықтар, соның ішінде пікірін еркін білдіру құқығы, БАҚ және ақпарат, діни сенім бостандығы, бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығы, құқық үстемділігі, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, кемсітпеу және т.б. мәселелерді сақтау енгізілді.

Қазақстандық делегация құрамына СІМ, АҚДМ, ІІМ, БП және ОСК өкілдері кірді.

Кеңес ЕҚЫҰ іс-басындағы төрағасы, Словакия Сыртқы істер министрі М.Лайчак, Польша Сыртқы істер министрі Я.Чапутович, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Т.Гремингер, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Г.Церетели және ЕҚЫҰ институт басшыларымен ашылды.

Отырыстың ашылу салтанатында Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Үсен Сүлеймен сөз сөйлеп, қатысушыларды нақты іс-шараларды қамтитын, соның ішінде адам құқықтары саласындағы және азаматтық қоғамды әрі қарай дамыту жөніндегі мәселелерге көңіл бөлінген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қабылданғаны жөнінде ақпараттандырды.

Жоспар ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы күшейту, әкімшілік әділет енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік саясатты түзету, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қолдануға мүмкіндік беру және т.б. мәселелер жөніндегі шараларды қарастыратыны аталып өтілді. Сонымен қатар, жоспар Жолдауда аталған бастамаларды қаржыландыруға, соның ішінде ІІМ реформалауға, педагогтар мен мәдениет және өнер салаларындағы қызметкерлердің жалақы мөлшерін ұлғайтуға, бизнесті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға, инфрақұрылымды дамытуға т.б. бастамаларға қаражат бөлуді қамтитыны жеткізілді.

Отырыстың бірінші күні барысында қазақстандық делегация қазақстандық азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен пікірталасқа қатысты.

18 сентября 2019
ҚР Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Иран және Әзербайжан арнайы өкілдерімен кездесті

2019 жылғы 16 және 17 қыркүйекте Баку қаласында Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Аманжолова Иран Ислам Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Н. Ахаримен және Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Халаф Халафовпен екіжақты консультациялары өткізді.

Кездесулерде Каспий маңы мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын және Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі салаларын реттейтін бес жақты келісімдердің жобалары бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

17 сентября 2019
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі Арнайы өкілі Алматы қаласындағы БҰҰ жаңа ғимаратына барды

Ү.ж. 17 қыркүйекте БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар барысында ол БҰҰ-ның жаңа ғимаратын аралады және бұл БҰҰ өкілінің жаңа ғимаратқа осындай дәрежедегі алғашқы келуі болып табылады. Ғимаратты аралау барысында БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстан Республикасының жаңа ғимарат негізінде БҰҰ Өңірлік хабын құру туралы бастамасымен таныстырылды және осы бастаманы ол оң қабылдады.

Оның пікірінше, Қазақстан ұйымның маңызды серіктесі болып табылады және жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жаһандық серіктестікті дамытуға күш салады. Сондай-ақ, Қазақстан орнықты даму мақсаттарынның іске асыруын тек өзінің елінде ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия өңіріне де назар аударады.

БҰҰ ғимаратынан кейін Ж.Тодт Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен, содан кейін №90 орта мектептің негізіндегі орта білім өкілдерімен кездесті.

17 сентября 2019
Қазақстан мен Корея жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады

СЕУЛ, 2019 жылғы 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Корея Республикасына ресми сапары өтуде. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Оңтүстік Корея басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, атап айтқанда Премьер-Министр Ли Нак Ён, Ұлттық Ассамблеяның (Парламент) спикері Мун Хи Сан, БҰҰ экс-Бас хатшысы Пан Ги Мун, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Кан Ген Хва мен Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың басқа да салаларындағы қатынастарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ Корей түбегіндегі жағдайды талқылады.

Корей Үкіметінің басшысымен келіссөздер барысында тараптар жоғары деңгейде саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті. «Корея Республикасы біз үшін Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі болып табылады және біз саяси өзара іс-қимылымыздың деңгейі осы мәртебеге сәйкес келетінін қанағаттанушылықпен атап өтеміз», — деді Б. Атамқұлов.

Қазақстан СІМ басшысы корей тарапын елдегі маңызды ішкі саяси үдерістер туралы хабардар етті және Қазақстан бұрынғыдай Оңтүстік Кореямен өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға ұмтылатын болады деп сендірді. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы тәжірибелі саясаткер және танымал дипломат болып табылатын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей қарым-қатынастарының сабақтастығы мен жоғары серпінін сақтайды.

Биылғы жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті орнатуға 10 жыл толады. Осы жылдың сәуір айында болған Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инның Қазақстанға мемлекеттік сапары осы кезеңнің маңызды индикаторы болды.

«Сіздің еліңіз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өз экономикасын ырықтандыруда үлкен табыстарға қол жеткізіп, енді оны өркендеу күтіп тұр. Біз Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз», — деді Премьер-Министр Ли Нак Ён.

Ұлттық Ассамблеяда тараптар парламентаралық байланыстар мәселелерін талқылап, оларды нығайту, саяси диалогтың жоғары деңгейін қолдау және заң шығару қызметі саласында тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы келісті.

Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы бастамашылары болып табылатын «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің жиналысына дайындық жұмыстары талқыланды. Ұлттық Ассамблеяның төрағасы Мун Хи Сан осы жылдың 23-24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін аталған жиналысқа өзінің қатысуын тағы да растады. Сонымен қатар, қазақстандық тарап корей тарапына іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу достық жағдайда өтті. Сұхбаттасушы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, бүкіл әлем сыйлайтын саясаткер ретінде оның баға жетпес талантын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Елбасының ядролық қарудан бас тарту шешімі адамзат тарихына енгені сөзсіз. Корей дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік қызметке сайлануымен құттықтап, онымен халықаралық беделді ұйымда қызметті бірге атқарған БҰҰ құрылымындағы Қазақстанның жарқын өкілдерінің бірі болғанын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы қазақстандық басшылықтың атынан жылы лебізін білдіріп, Пан Ги Мунға еліміздің сыртқы саяси бастамаларына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея СІМ басшыларының келіссөздері барысында тараптар екіжақты және халықаралық өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды салыстырды», олардың көпшілігі бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында ешқандай саяси келіспеушіліктер жоқ, халықаралық ұйымдар мен көпжақты форумдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.

Қазақстан СІМ басшысы қазақстандық тараптың Корея Республикасымен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше мән беретініне назар аударды. Тараптар алдағы іс-шаралар кестесін, атап айтқанда ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда өтетін «Орталық Азия - Корея Республикасы» форумына дайындық барысын талқылады. 

Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа назар аударылды. 

Корея біз үшін ең басым елдердің бірі, сондай-ақ Азиядағы екінші сауда серіктесі болып табылады. Тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықтың белсенді өсуі өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді. 2018 жылы тауар айналымының көлемі 4 млрд. АҚШ долл. құрады, ал 2019 жылдың бірінші жартысында 2,7 млрд. долларға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен екі есе артық екенін көрсетеді.

Корея тарапы еліміздегі инвестициялық ахуалды жетілдіру саясатымен егжей-тегжейлі танысып, Қазақстан экономикасына белсенді инвестиция салуға шақырды. 2005 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Корея ҚР экономикасына 5,3 млрд. доллар салды.

Тараптар Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жұмыс тобының қызметі мәселелерін талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды. Топтың бірінші отырысын қыркүйек айының соңында Қазақстан астанасында өткізу жоспарланып отыр, оны үйлестіруді Қазақстан тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ал корей тарапынан — Сауда, индустрия және энергетика министрлігі жүргізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі бизнес өкілдерімен, атап айтқанда «Kolon», «Samsung Electronics», «Doosan Heavy Industry», «Hyosung Corporation Group» және «Hyundai Heavy Industries» атты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Корей кәсіпкерлері машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мұнай химиясы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

16 сентября 2019
Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруі жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайды.

2019 жылғы 14 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ТМЫК Хатшылығына Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылуы туралы құжатты жіберді.

Түркі кеңесі ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қазанында құрылды. Құрылтайшы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады.

Түркі әлемі үшін бұл маңызды тарихи шешім Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өтумен дәл келеді. Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды.

Өзбекстанның ТМЫК-ке мүшелігі түркі әлемінің интеграциясын нығайтуға және мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа белестерге шығуына ықпал етеді, әсіресе бұл Түркі кеңесі түркі елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты қадамдар жасаған кезеңде орын алуда. 2019 жылдың мамырында Қазақстанның елордасында өткен XII Астана экономикалық форумы аясында кәсіпкерлердің арасында өзара байланысты күшейтетін және мемлекеттер арасында сауда айналымының өсуіне бағытталған Түркітілдес мемлекеттердің бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды.

13 сентября 2019
Әмірлік судьялар Нұр-Сұлтанда өтетін Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-ші жыл сайынғы отырысына қатысады

ДУБАЙ, 2019 жылғы 12 қыркүйек — Қазақстанның Дубай және Солтүстік Әмірліктерлегі Бас консулы Рауан Жұмабек Дубай сотының Бас директоры Тариш әл-Мансуримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың биік деңгейін қанағатпен және оның негізін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаян қалағанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат ү.ж. 8-9 қыркүйекте БАӘ-ге өткен Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ресми сапарының және оның шеңберінде ұйымдастырылған Қазақстан-БАӘ үкіметаралық комиссияның 7-де отырысының қорытындылары жөнінде баяндап берді.

Тариш әл-Мансури сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ықпалдастықтың сапалы нығаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Дубай сотының Бас директоры ү.ж. 15-19 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-ші отырысы мен Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың 14-ші отырысының өткізілуін жоғары бағалады. Оның айтуынша, аталған іс-шараларға Дубай сот институтының делегациясы қатысады.

13 сентября 2019
Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

2019 жылғы 9-13 қыркүйекте Гүлстан қаласында (Өзбекстан Республикасы) Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Тараптар екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау бойынша жұмысты жалғастырды. 

Кездесу барысында Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық зерттеу жүргізілді.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

12 сентября 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті

Қытайлық бизнесменмен кездесу кезінде әлемдік экономикадағы заманауи және маңызды мәселелер, кәсіпкерлік пен электронды коммерцияны дамыту жағдайы сөз болды.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

— Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын, біздің елдің мәдениеті мен адамдары ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Ол өзінің тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

«Alibaba Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады.

12 сентября 2019
Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады.

Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті  туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.

12 сентября 2019
Мемлекет басшысы «Hikvision» компаниясының офисіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.

Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.

Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті.

Социальные сети
Telegram
Twitter
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері