Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
14 октября 2019
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

БАКУ, 2019 жылғы 14 қазан — Бүгін таңертең Бакуде Қазақстан Республикасының Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке сенім грамоталарын тапсырды. 

Кездесу барысында Әзербайжан басшысы екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті жалғасып жатқанын да атап өтті.

И. Әлиев инвестициялық, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және кеңейту туралы өз ойын білдірді. Өз кезегінде, Елші Әзербайжан Президентіне өзінің тағайындалуына келісім бергені үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы жоспарлары туралы, соның ішінде екі бауырлас мемлекет пен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін қарқындату мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті. 

Әзербайжан Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.

14 октября 2019
Қазақстан Елшісі Доминикан Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

САНТО-ДОМИНГО, 2019 жылғы 10 қазан — Қазақстанның Елшісі Андриан Елемесов салтанатты рәсім барысында Доминикан Республикасының Президенті Данило Медина Санческе сенім грамоталарын тапсырды. Рәсімге Доминикананың Сыртқы істер министрі Мигель Варгас және осы Кариб елінің басшы топтарының өкілдері қатысты.

Жылы достас қалпында өткен кездесу барысында Елші Доминикан басшысына екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін барынша күш-жігер салатынына сендірді. Қазақстандық дипломат бар елеулі әлеует біздің елдерімізге өзара тиімді байланыстарды тереңдету және кеңейту мүмкіндіктерін оңтайлы қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Д. Медина Санчес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін айтып, Елшіге дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. Президент Санто-Домингоның Қазақстанмен өңірлік көшбасшы ретінде достық қарым-қатынасқа мүдделі екенін, сондай-ақ екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуға үміт артатынын атап өтті. Екі елдің туристік саладағы әлеуетін ескере отырып, екі ел азаматтарының өзара сапарларының визалық тәртіпті жою туралы қол қоюға жоспарланған келісімнің маңыздылығы ерекше атап өтілді, бұл түрлі бағыттар бойынша байланыстарды жандандыру үшін кең мүмкіндіктер ашады.

10 октября 2019
ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Достастық шеңберіндегі ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюін растады

АШХАБАД, 2019 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан астанасында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) кезекті отырысына қатысты. Ағымдағы жылы Түрікменстан Достастықта төрағалық етеді.

Іс-шара аясында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді, Достастық шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірқатар шешімдерді келісті. Атап айтқанда, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізілетін 2000 жылғы 30 қарашадағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМД елдерінің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы әріптестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы қабылданды, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халықтарының жеңісіне 75 жыл толуына байланысты Мемлекет басшыларының Достастық елдерінің халықтарына және әлемдік қоғамдастыққа үндеу жобасы мақұлданды.

ТМД СІМК шеңберінде Орталық Азия елдері мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі өтті, онда өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Биыл Достастықта төрағалық Өзбекстан Республикасына өтті. ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2020 жылдың 3 сәуірінде Қазақстанда өтеді.

Сол күні Министр М. Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады. Негізгі акцент сауда-экономикалық және көліктік өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталды. Министрлер сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.

СІМ басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

09 октября 2019
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары екіжақты және көпжақты тректердегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 9 қазан – 2019 жылғы 8-9 қазанда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Тараптар саяси, экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетикалық, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, оның ішінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Сирия бойынша келіссөздер процесі, Ауғанстандағы жағдай және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шараларды дайындау мәселелеріне, оның ішінде Омбы қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің алдағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы, Бішкек қаласындағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі және т.б. іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Ресеймен өзара іс-қимылды дәстүрлі түрде еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің айтуынша: «бұл сапар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды одан әрі нығайту және кеңейту жөніндегі қажырлы жұмысының жемісін көруге мүмкіндік берді».

Кездесу соңында тараптар елдеріміз арасындағы стратегиялық және одақтастық әріптестікті одан әрі нығайту мен кеңейтуге бейілділігін растады.

Ресей СІМ басшысын Нұр-Сұлтанға жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті К. Тоқаев қабылдады. Кездесуде екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Мемлекет басшысын өткізілген келіссөздердің нәтижелері және Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын тереңдету жөніндегі одан әрі жүргізілетін жұмыстары туралы хабардар етті.

09 октября 2019
Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы Ауғанстанның одан әрі дамыту үшін көпжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 9 қазан — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлесіп «Ауғанстан және ЕҚЫҰ:  Әріптестік пен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер жасау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Іс-шара ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Тұрақты өкілдерінің, оның ішінде Орталық Азияның үш елі бойынша ұйымның басқарушы «Үштігі» мүшелерінің турнесі аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына негізгі баяндамашылар ретінде БҰҰ Арнайы өкілі, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото, Арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы Наталья Германды қоса алғанда,  халықаралық және өңірлік ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ЕО, АӨСШК, ШЫҰ, ОАӨАҮО және БҰҰ БЖКБ делегаттары қатысты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, өзінің құттықтау сөзінде: «ЕҚЫҰ-ның осындай өкілетті делегациясының сапары 2010 жылы өткен осы жүзжылдықтағы жалғыз болып саналатын Астана Саммитінің қорытындысын жүйелі іске асыруға еуропалық серіктестердің мүдделілігін куәландырады» — деп атап өтті. 

«Орталық Азияның болашағы Ауғанстанның бейбіт және тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан ауған халқына өз мемлекетінің қалпына келтіруіне екіжақты және көпжақты қолдау көрсетуді жалғастыруда. Біз, мықты жаһандық және өңірлік әріптестік, ұзақ мерзімді инвестициялар мен өңірлік үйлесімділіктің осы елдің бейбіт болашағын қамтамасыз ету үшін маңызды мәнге ие екеніне сенеміз», — деді М. Тілеуберді. 

ҚР СІМ басшысы, Ауғанстанға көмек көрсету, оның ішінде ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне 2011 жылы төрағалық ету барысында, сондай-ақ 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі кезеңінде дәстүрлі түрде елдің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын ерекше атап өтті. 

Осы тұста М. Тілеуберді, форумға қатысушылардың назарын,  ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың  Қазақстанда орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Арнайы өңірлік орталығын, сондай-ақ тұрақты өзара байланыс жөніндегі ЕҚЫҰ Тақырыптық орталығын құру қажеттілігі туралы бастамасына аудартты.

Өз кезегінде кездесу қатысушылары, ЕҚЫҰ-ШЫҰ және ЕҚЫҰ-АӨСШК желісі бойынша Ауғанстанға көмек көрсету үдерісіне қатысатын негізгі халықаралық және өңірлік ұйымдар арасындағы синергияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен, БҰҰ-ның жоғары өкілдері Т. Ямамото және Н. Герман Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаудағы Қазақстанның және өңірдің басқа да елдерінің елеулі үлесі туралы мәлімдеді. Атап өтілгендей, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі барысында біздің еліміз халықаралық қоғамдастықта Ауған тақырыбын талқылау деңгейін арттыру үшін жеке мысал ретінде практикалық үлесін көрсетті.

ИЫҰ-ның Ауғанстандағы Тұрақты өкілі Х. Ботсалы өз сөзінде, Қазақстанның мұсылман әлемі мүшелері арасындағы даусыз беделіне, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Назарбаевтың ИЫҰ кеңістігіндегі бейбіт бастамаларының, оның ішінде исламдық татуласу жөніндегі зор әлеуетіне тоқталды.

Шетелдік қонақтар, Қазақстанның, Еуропалық одақтың және Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО базасында ауған жастарына арналған білім беру жобаларын іске асыру жөніндегі БҰҰ даму бағдарламасының көпжақты күш-жігерін жоғары бағалады.

Тұрақты өкілдер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болған кездерінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, Жоғарғы Сот басшылығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э. Әзімова және ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдары мен ведомстволарының басшыларымен кездесіп, қабылдауында болды. 

Сапар бағдарламасына, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығына бару да кірді, оның жұмысын АХҚО басшысы Қ. Келімбетов таныстырды.

09 октября 2019
Выступление Министра иностранных дел РК М.Б. Тлеуберди на пресс-конференции по итогам переговоров с Министром иностранных дел РФ С.В. Лавровым

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Құрметті әріптестер!

Ең алдымен, Сергей Викторовичке уақыт тауып Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген үшін алғысымды білдіремін.

 Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың өзекті сұрақтарын талқылап, бірқатар мәселелердің шешімі үшін ресейлік әріптестеріме шынайы ризашылығымды айтамын.   

Уважаемые дамы и господа!

Уважаемые коллеги!

Прежде всего, позвольте еще раз приветствовать Министра иностранных дел России Сергея Викторовича Лаврова у нас в Нур-Султане.Также я хотел бы выразить признательность российским коллегам за конструктивную позицию, занятую при обсуждении и решении актуальных вопросов двусторонних отношений.

Сегодня наши переговоры с российской стороной, как это стало практикой, были весьма содержательными и результативными.

Мы с Сергеем Викторовичем смогли обсудить широкий круг вопросов, включая нынешнее состояние и перспективы казахстанско-российского сотрудничества в политической, торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах, обменялись мнениями по широкому спектру вопросов международной повестки дня.

Также мы обменялись мнениями по различным аспектам обеспечения стабильности и безопасности в Центральной Азии, в Украине и на Ближнем Востоке, затронули вопросы взаимодействия наших стран в рамках международных организаций.

Особое внимание было уделено предстоящему графику международных мероприятий на высшем и высоком уровнях. Учитывая важную роль приграничного сотрудничества между Казахстаном и Россией, на долю которого приходится около 70% двустороннего торгового оборота мы детально рассмотрели ход подготовки к XVI Форуму межрегионального сотрудничества Казахстана и России, который состоится 7 ноября 2019 года в городе Омске. 

Следует подчеркнуть, что сотрудничество с Россией было и останется одним из основных приоритетов внешней политики Казахстана. Все эти годы Казахстан демонстрировал твердую приверженность добрым партнерским отношениям.

Хотел бы отметить, что в рамках переговоров обсуждались не только вопросы двусторонних отношений, но и казахстанско-российское сотрудничество в многостороннем формате. В частности, мы с моим российским коллегой отметили возможности полноценного использования потенциала Евразийского экономического союза. 

Наряду с этим, мы обсудили вопросы взаимодействия в рамках СНГ и ОДКБ, а также договорились координировать свои шаги в рамках таких международных организаций как ООН, ОБСЕ, ШОС и СВМДА. Наши стороны подтвердили близость позиций по ключевым международным проблемам, а также договорились продолжать совместное продвижение в деле обеспечения безопасности на региональном, континентальном и международном уровнях.

Данный визит дал возможность увидеть плоды кропотливой работы внешнеполитических ведомств двух стран по дальнейшему укреплению и расширению торгово-экономических и культурно-гуманитарных отношений. 

Убежден, что итоги нашей сегодняшней встречи станут новым залогом дальнейшего расширения сотрудничества между Казахстаном и Россией, придадут новый импульс развитию добрососедских отношений и партнерства народов наших государств.

Благодарю за внимание.

г.Нур-Султан, 9 октября 2019 г.

09 октября 2019
Қазақстанға жаңа француз инвестициялары тартылды

ПАРИЖ, 2019 жылғы 8 қазан — Парижде өткен Қазақстан-Француз инвестициялық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Air Liquide» жетекші француз корпорациясы арасында келісімге қол қойылды. Құжат Атырау облысында салынып жатқан газ-химия кешенінің қажеттіліктері үшін сығылған ауа мен азот өндіретін қондырғының құрылысын және олардың ұзақ мерзімді тасымалдауын қамтамасыз етуді қарастырады. Келісімді ескере отырып, компанияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары шамамен 200 миллион долларды құрайды.

Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» АҚ және MEDEF кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация және 100-ден астам француз іскер топтарының өкілдері қатысты. Форумды аша отырып, Р.Скляр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың 27 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім, түсіністік және стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейін атап өтті. Вице-премьер француз кәсіпкерлерін цифрландыру, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп және баламалы энергетика сияқты басым бағыттар бойынша белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Өз кезегінде Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия жөніндегі арнайы өкілі Паскаль Лоро: «Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы маңызды экономикалық серіктесі және Еуропа мен Азия арасын байланыстырып тұратын маңызды мемлекет болып табылады. Бүгінгі жаһандық форум, үстіміздегі жылдың наурыз-қыркүйек айларында Канн мен Ренн қалаларында өткен серіктестіктің басым бағыттары бойынша екі тақырыптық форуммен қатар, екіжақты қатынастарды тереңдету мен стратегиялық серіктестігімізді нығайту процесінің маңызды кезеңдері болып табылады»

Форум барысында қазақстандық делегация басшысы «Air Liquide», «Vicat», «IDEMIA», «Airbus», «Bureau Veritas», «Loste Group», «CNCR Group» және басқа да ірі компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Францияның экономикалық құрылымдары мен іскер топтарының өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климатын қалыптастыру бойынша қабылдаған шараларын жоғары бағалады. Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер, инвестицияларды қорғау және ілгерілету бойынша тиімді шаралар Қазақстандағы француздық жобалардың саны мен сапасын арттырғанын атап өтті.

Форум «Жаңа экономика және цифрландыру мүмкіндіктері», «Жаңа энергия және ресурстардың тиімділігі», сондай-ақ «Индустриялық даму және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы панельдік сессиялар аясында жалғасты.

Сонымен қатар, форум аясында жоғары инвестициялық әлеуеті бар компаниялардың қатысуымен бірқатар B2B кездесулер өтті. Қазақстандық тараптан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев, ҚР-дың Франциядағы елшісі Ж. Ғалиев, сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық индустрия вице-министрі М. Нұрғожин, Қазақстан-Француз Іскерлік Кеңесінің тең төрағасы А. Кәрібжанов, «ҚазАгро» Басқарма төрағасы Е. Қарашөкеев, «QazIndustry»  орталығының төрағасы А. Әбдіқадыров, «Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Л. Боранқұлова, AIFC басқарушы директоры Т. Онжанов және бірқатар отандық компаниялардың өкілдері қатысты.

Анықтама: Франция Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бестігіне кіреді. Француз инвестицияларының көлемі 2008 жылдан бері 12,5 млрд. АҚШ долларынан асты, ал өзара тауар айналымы 50 млрд. АҚШ долларына жетті.Қазақстанда француз капиталы бар 130-дан астам компания жұмыс істейді.

05 октября 2019
Қазақстандағы герман экономикасының 21-ші күні

2019 жылғы 4 қазанда Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен Герман экономикасының 21-ші күні өтті. Форумның ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау, ГФР-дің Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннер, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ульф Вокурка және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара аясында үш панельдік сессия өткізілді: «Қазақстан экономикасын трансформациялау», «Логистика және Жібек жолы» және «Инвестицияларды қорғау — заңды және салықтық негіздемелік шарттар». Аталған сессияларды ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов сөз сөйледі.

«Қазақстан экономикасын трансформациялау» панельдік сессиясы барысында ҚР экономикасының секторларын әртараптандыру және шикізаттық тәуелділіктен ауытқу, энергияның баламалы көздерін кеңейту, таяу болашақта бағыт перспективасына байланысты ҚР аумағында өндірісті дамыту мәселелері көтерілді. Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұртшылықты, іскер орталарды және қаржы институттарын хабардар ету жөнінде қабылданған белгілі бір қадамдары атап өтілді. 

Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті 170 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан негізгі үлесі — 100 млрд. доллар. Сонымен қатар, экономиканың түрлі секторларындағы стартаптарды жеткіліксіз қаржыландыруға, ҚР және жалпы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар ағынының болжамды төмендеуіне назар аударылды. Сарапшылар Қазақстанда «Гермес» сақтандыру компаниясының несие желісінің ашылуын оң бағалады.

«Логистика және Жібек жолы» панельді сессиясында сарапшылар ҚР аумағындағы соңғы өнімдердегі логистика құнының 25 пайыздық маржасын атап өтті, алайда әлемдік стандарт шамамен 11% бағаланып отыр. ҚР логистикасының тиімділік индексінің жақсаруына қарамастан (71-ші орын), ғылым, қоғамдық қауымдастықтар және мемлекеттік құрылымдардың тығыз өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ логистикалық сектордың дигитализациясын дамыту қажет. 

«Инвестицияларды қорғау — заңды және негіздемелік шарттар» сессиясында шетелдік инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды, оның ішінде шетелдік инвесторлар кеңесі, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес, ҚР Премьер-Министрі атынан инвестициялық омбудсмен институтын енгізу, АХҚО-да ағылшын құқығын пайдаланудың артықшылығы және туындаған дауларды шешудің заңды тетіктері. «Шет елдердегі мекемелер — Орталық — аймақтар» өзара іс-қимыл алгоритмін құру, тікелей инвестициялар қорын құру, визалық режимді ырықтандыру және «Kazakh Invest» тарапынан визалық мәселелерді шешуге қолдау көрсету, сондай-ақ кейстерді қорғау үшін бірлескен комитет (СІМ — «Kazakh Invest» - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) құру бойынша оң тәжірибе белгіленді. 

Өз кезегінде неміс компанияларының өкілдері Қазақстанда бизнес жүргізу кезінде мынадай мәселелерге назар аударды: салық төлеуден босату және кедендік жеңілдіктер беру, болашақта қызмет өңірін үшінші елдердің пайдасына ауыстыра алатын ұсақ және орта шетелдік инвесторлардың қызметіне назар аудармау. Бұл ретте инвесторға ағылшын құқығын пайдалану ауыр ауыртпалық түседі. Осыған байланысты, шетелдік инвесторларға қойылған мәселелерді шешу және мүдделі құрылымдармен кездесулер өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына бару ұсынылды.

Жалпы форум конструктивтік арнада өтті, екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыруға және әртүрлі деңгейдегі диалогты іздестіруге қызығушылық танытты.

05 октября 2019
Jetіsý Invest форумы алаңында құны $859 млн. астам 13 меморандумға қол қойылды

Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан — Алматы облысының Талдықоған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес-форумы өткізілді. Форум қатысушылары инвестициялық келісімге қол жеткізіп, жалпы сомасы $859,7 млн. құрайтын 13 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойды. 

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев, сондай-ақ, әлемнің 7 елінен, дипломатиялық корпустың, ірі отандық және трансұлттық компаниялардың, шетелдік және отандық бизнесмендердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының 400-ден аса өкілдері қатысты. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы инвестициялық ағынның төмендегеніне қарамастан, 2014-2016 жылдары Алматы облысындағы ішкі инвестициялар 27%-ға өсті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес өңірлер ішінде сыртқы инвестицияларды тарту бойынша бірінші орынға шықты, оның көлемі жыл сайын 2016 жылдан бастап 20%-ға өсуде.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев елде инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығы туралы айтып берді. «Ел Үкіметі үздік әлемдік тәжірибені тартуды және енгізуді тапсыра отырып, мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Қазіргі уақытта бізде шетелдік бизнесмендерді сүйемелдеудің үш деңгейлік жүйесі қызмет етеді. Сыртқы деңгейде Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, орталық деңгейде KAZAKH INVEST және үшінші деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін өңірлердегі фронт-офистер».

Сондай-ақ, өңірдегі өздерінің сәтті тәжірибелерін Leroy-Merlin, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Waste Energy KZ», «АрКазИнвест» пен басқа ірі және трансұлттық компаниялардың өкілдері баяндап берді.

Сонымен қатар, форум барысында өңір ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолайлы екені айтылды. Осылайша, Қазақстандағы 74 жаңартылатын энергия көздерінің 24-і Алматы облысында жұмыс істейді. Ірі Сингапурлық инвестордың қатысуымен Universal Energy компаниясы салған қуаттылығы 100МВт болатын Қазақстанның ірі күн электростанцияларының бірі қыркүйек айында іске қосылды. Келесі жылы осы компания әрқайсысының қуаттылығы 50МВт болатын екі күн және жел электростанцияларының іске қосылуын жоспарлауда. Бұдан басқа, ЖЭК 28 жобасы іске асырылудың түрлі кезеңдерінде.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар деп атап өтеміз. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, ал 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

04 октября 2019
Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды

Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан — Алматы облысы бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөнінде фронт-офис өз қызметін бастады. Бұл инвесторлар үшін елімізде арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде құрылды. Аталған орталық Алматы қаласында Желтоқсан көшесі 112 мекен жайы бойынша орналасқан.

«Бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған фронт-офис жұмысы инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді қолайлы алуды ғана емес, сондай-ақ, барлық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын көздейді, мемлекеттік органдармен тиімді іс-әрекет етуге ықпал етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев. 

Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар өкілдік ететін болады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді. 

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 жоба бар. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орнын қамтитын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Анықтама үшін:

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.

Социальные сети
Telegram
Twitter
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері