Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
kiev@mfa.kz
Аккаунты соц. сетей:
Барлыбаев Төлежан Тұрсынұлы
Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Общая информация, образование

1970 жылғы 26 қарашада, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туылған. 

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген (1992 ж.)

Карьера

1992-1993 жж. - Қазақстан Республикасы Республикалық радио хабарларын тарату мемлекеттік комитеті бас редакциясының редакторы.

1993 ж. - «Тан-плас» телекомпаниясының журналисті.

1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мәдени ынтымақтастық, баспасөз және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқармасының референті, атташесі.

1994 ж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің атташесі.

1994-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық талдау және сыртқы саяси шараларды жоспарлау департаментінің бірінші хатшысы.

1998-2002 жж. - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің бөлім бастығы.

2003 ж. - Министр Хатшылығының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі .

2003-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.

2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2017-2022 жж. - Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2018-2022 жж. - Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговина, Черногорияда Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2022-2024 жж. - Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2025 ж. 5 мамырдан - Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

 

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын, хорват және украин тілдерін меңгерген.

Үйленген, 2 баласы бар.

Социальные медиа

Telegram
Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы