ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы
2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығының жанында құрылған №433 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
СІЗДЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ БОЛУЫ ОСЫ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ.
Сайлау учаскесі Қазан уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Қазан қ., Карл Маркс көшесі, 8/13 үй.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.