«Еуразияның ортағасырлық тарихының өзекті мәселелері» Қазанда халықаралық дөңгелек үстел өтті

«Еуразияның ортағасырлық тарихының өзекті мәселелері» Қазанда халықаралық дөңгелек үстел өтті

Қазан, 2024 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Жошы Ұлысының ғылыми зерттеу институтының және Татарстан Республикасы Ғылым академиясының қолдауымен «Еуразияның ортағасырлық тарихының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Президенті Рифкат Минниханов, Жошы Ұлысының ғылыми зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш. Маржани атындағы тарих институтының Алтын Орда және Татарстан хандықтарын зерттеу орталығының басшысы Ильнур Миргалеев және т.б. ғылыми қоғамдастық өкілдері баяндама жасап, конференцияның ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Қатысушылар Алтын Орданың рөлі мен маңызын, Жошы ұлысының тарихи-мәдени мұрасын талқылады, отандық тарихты зерттеудің негізгі мәселелерін, Еуразия тарихындағы қыпшақтардың орнын талқылап, Едіге, Абылай хан және басқа да тарихи тұлғалардың шежіресін зерттеуге тоқталды. Баяндаушылар Алтын Орданың жалпыға ортақ мәдени кодтың маңызды элементі және бірегей мұраның бір бөлігі екенін атап өтті. Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуын мерекелеу Еуразия халықтарының өткен  тарихи кезеңін толық қайта құру, аталған тарихи тұлғаға әлемнің назарын аудару және Жошы хан кесенесін мәдени туризм объектісіне айналдыру міндеті болып табылады. Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуға тиіс.

Сонымен

қатар, «Миллиард.Татар» редакциясы Ш.Маржани атындағы тарих институтымен бірлесіп Еуразия халықтарының тарихымен байланысты ортақ жобаның басталғаны туралы хабарлады.

Конференция онлайн форматта өтіп, оған академиялық қоғамдастықтың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ Қазан қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.