Қазанда «Дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениеті: дәстүрлер мен өзара әрекеттесу» Халықаралық конференциясы өтті

Қазанда «Дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениеті: дәстүрлер мен өзара әрекеттесу» Халықаралық конференциясы өтті

Қазан, 2024 жылғы 30-31 наурыз – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов «Дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениеті: дәстүрлер мен өзара әрекеттесу» Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

Конференция 2023 жылғы қараша айында Қазанда өткен Халықаралық дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Татарстан Республикасы Ғылым академиясының базасында құрылған Дала Еуразиясын зерттеу халықаралық орталығының алғашқы ғылыми іс-шарасы болды. Халықаралық конференция жұмысына Еуразия халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар қатысып, Дала Еуразиясын зерттеу туралы халықаралық бағдарламаны бекітті.

Конференцияға қатысушылар материалдық мәдениетті зерттеудің өзекті сұрақтары мен перспективаларын, тарихи-этнологиялық зерттеулердің дамуын, Еуразиялық дала империяларының терминологиясы мен шындықтарының проблемаларын, бейімделу нысандарын, Еуразияның Орда мұрасын және халықтардың тарихи жадындағы рөлін, дала Еуразиясының жаһандық әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын, Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуын қозғады.

Сонымен қатар, конференция аясында «Дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттейтін халықаралық орталықтың» ашылуы туралы жарияланды, «Алтын Орда зерттеушілерінің қауымдастығы» Халықаралық қоғамдық ұйымының құрылғанына 5 жыл және Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы археология институтының 10 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Конференция жұмысына Ресейдің 28 өңірінен және 10 шетелдік мемлекеттен, соның ішінде Қазақстаннан, 120-дан астам зерттеушілер, тарих, археология және этнология салаларынан қатысып, түрлі тақырыптарда баяндама жасады. Қазақстан делегациясының қатысушылары: Ақан Оңғарұлы, Бауыржан Байтанаев, Нұрлан Атығаев, Жақсылық Сәбитов, Жандос Құрбан, Айболат Көшкімбаев, Дмитрий Воякин.

Іс-шара Татарстан Республикасы Ғылым академиясы және  Ресей Тарихи қоғамының қолдауымен өтті.