ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов Чебоксары қаласына жұмыс сапарымен барып

ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов Чебоксары қаласына жұмыс сапарымен барып

ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов Чебоксары қаласына жұмыс сапарымен барып, Мемлекеттік Кеңес Төрағасы Леонид Черкесовпен, Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Экономикалық даму және мүліктік қатынастар министрімен, РФ СІМ бөлімшесімен және Чуваш Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, бизнес-делегациялармен алмасу мәселелерін талқылады. Чуваш Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде бірлескен жұмыс тобын құру мәселесін қарау уағдаластыққа қол жеткізілді.