
Қазан, 2021 жылғы 30 қараша – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған бейне конференция ұйымдастырды.
Іс – шараға Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы сыртқы істер министрлігінің өкілдері Радик Вахитов, философия, саясаттану және дінтану Институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Серік Сейдуманов, филология және мәдениетаралық коммуникацияинститутының жалпы тіл білімі және түркология кафедрасыныңпрофессоры Альфия Юсупова, Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ)оқытушысы Роза Бақбергенова, сондай-ақ ҚФУ және ҚазҰПУ студенттері, қазақстандық диаспора қатысты.
Конференция барысында қонақтар ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты, сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың қазақ және татар тілдеріндегі танымал шығармалары оқылып, орындалды.