Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны артты

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны артты

Air Astana авиакомпаниясы 5 ақпаннан бастап Мәскеумен тікелей тұрақты рейстер санының артқанын хабарлады.

 

Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері, ал Мәскеу мен Алматы арасында жұма күндері орындалатын болады.

 

Әуе рейстерінің кестесі, билеттерінің сатылуы және шекарадан өту ережелері туралы ақпаратты сілтемеге өту арқылы ала аласыз.

 

Сондай-ақ, "Аэрофлот"авиакомпаниясы да рейстер санын көбейтті. Мәскеу мен Нұр-Сұлтанға аптасына екі рейс (сәрсенбі және жексенбі күндері), Мәскеу мен Алматыға аптасына бір рейс (жұма күні) қатынайтын болады. Әуе компаниясының сайтында билеттерді сатып ала аласыз (сілтемені қараңыз).