Саратов облысы Қазақстанның аймақтарымен іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Саратов облысы Қазақстанның аймақтарымен іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Саратов, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Саратов облысына жұмыс сапары барысында облыстың Экономикалық даму министрі Андрей Разборов және Саратов облыстық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Илья Буткомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің ортақ шекарасына сүйене отырып, өзара тиімді әріптестіктің белсенді дамып жатқанын атап өтті. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралар мен іскерлік миссиялар және форумдар тұрақты түрде өткізіліп, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда.

Қазақстандық дипломат елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы, 2026 жылы өткізілетін халықаралық форумдар туралы ақпарат берді. Саратов облысы сыртқы сауда айналымы бойынша жетекші орын алады, өткен жылы бұл көрсеткіш 15%-ға өсті. Облыс аумағында қазақстандық тараппен бірлескен 27 кәсіпорын тіркелген. Бас консулдықтың жоспарында – Саратов қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесін ашу, бұл аймақаралық өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар Андрей Разборов мұндай сапарлар аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды бөлігі екенін және тек тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен бірге бірлескен жобаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Саратов облысының экспорт көлемінде ІІ орында тұрған ел ретінде, екіжақты байланыстарды нығайту және белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді. Облыс білім саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, мұнда 300-ден астам қазақстандық студент білім алуда.

Сол күні Саратов облысының өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік маңызы бар нысандарына баруы ұйымдастырылды.