
Қазан, 2026 жылғы 14 сәуір - Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Вице-президенті Қадиша Даирова бастаған қазақстандық делегация Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеевамен кездесті.
Кездесу барысында қазақстан-ресей қатынастары аясында Қазақстан мен Татарстанның басым бағыттары бойынша бірлескен жобаларды іске асыру қажеттілігі расталды. Тараптар «Назарбаев Университетінің» Татарстанның ғылыми-білім беру кешені ұйымдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамытудың келешегін талқылап, студенттер алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру, ғалымдардың халықаралық іс-шараларға қатысуы, білім беру гранттары мен халықаралық стандартталған тестілерді беру саласындағы кооперацияны кеңейтуге уағдаласты.
Татарстан Республикасы өзінің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы және инвестициялық әлеуеті арқасында АТБ банкін одан әрі кеңейту үшін маңызды аймақтардың бірі болып табылады.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растап, іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат алмасуға келісті.
Сонымен қатар, делегация Татарстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазан федералды университетінің, Иннополис университетінің, «International school of Kazan», «Адымнар», «Бала-сити» және т.б. мектеп мекемелерінің басшылығымен келіссөздер жүргізді.