🔹Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін қазақстандықтардың назарына!

🔹Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін қазақстандықтардың назарына!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей Федерациясының аумағына жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Госуслуги RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылады. Шетелдік азаматтар «RuID» қосымшасында дербес профиль жасауға және шекарадан өту жоспарланған уақытқа дейін 72 сағаттан кешіктірмей Ресей Федерациясына келу туралы электрондық өтініш беруге міндетті. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша қосымшада келу құқығын растайтын дербес QR-код қалыптастырылады. Алынған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады. Сонымен қатар, Елшілік Ресей Федерациясына келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жадынамамен танысу қажеттілігі туралы еске салады. Жадынамаға сілтеме -https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/activities/6511?parentId=6508&lang=kk