
Қазан, 2026 жылғы 27 наурыз - Татарстан Республикасы Жазушылар одағының ұйымдастырушылық қолдауымен екі республика әдебиетшілерінің өзара іс-қимылын кеңейтуге арналған дөңгелек үстел өтті.
Құттықтау сөзін Татарстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Ркаил Зайдулла, Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, әдебиеттанушы Дидар Күлкенов, Татарстан Республикасының халық ақыны Радиф Гаташ, жазушы Алена Каримова және басқалар сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар екі республиканың әдебиетшілері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, жеке тұлғаны қалыптастырудағы әдебиеттің маңыздылығы, тілді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және мәдени мұраны танымал ету мәселелерін талқылады. Ұлттық авторлардың жарияланымдары халықтардың мәдениеті, әдебиеті, дәстүрлері мен тарихы туралы түсінік береді.
Бұдан басқа, жинақтар мен авторлық шығармалар шығару, кітапхана қорларына беру және жетекші халықаралық және өңірлік кітап көрмелеріне қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері.