Татарстанда Ахмет Жұбановтың шығармашылығы таныстырылды

Татарстанда Ахмет Жұбановтың шығармашылығы таныстырылды

Қазан, 2026 жылғы 19 наурыз - Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығының бастамасымен Карим Тинчурин атындағы Татар мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында қазақ композиторы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы қарсаңында туындылар орындалды.

Музыкалық композицияларды Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының аспиранты Олжас Мейрманов дирижер ретінде орындады.

Бұдан басқа, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі Ілияс Камал Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

«Струны души» концерті аясында тыңдаушылар виолончель сияқты академиялық және кең таралған музыкалық аспаптарда, сондай-ақ, қыл-қобыз, домбыра, морин хуур, игил және т.б. сияқты әлемнің сирек кездесетін халық ішекті-қиғаш аспаптарында орындалған шығармалармен танысады.

Салтанатты шараға Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.