Қазақстанның спорттық әлеуеті Самарадағы XIII Халықаралық спорт форумында таныстырылды

Қазақстанның спорттық әлеуеті Самарадағы XIII Халықаралық спорт форумында таныстырылды

Самара, 2025 жылдың 7 қарашасы – Самара қаласында Қазақстан делегациясының қатысуымен «Ресей – спорт державасы» XIII Халықаралық спорт форумы өтті. Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Бахнияз Карашина және Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов кірді.

Форумның негізгі тақырыптары халықаралық ынтымақтастық, балалар-жасөспірімдер спортын, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, допингпен күрес, ірі бизнестің спорт федерацияларының өміріндегі рөлі және спорттың болашағына медианы енгізу болды.

Форум аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен пленарлық отырыс өтті, онда олимпиадалық қозғалысты дамыту тәжірибесі, адамның физикалық, шығармашылық, рухани әлеуетін дамытудың әмбебап құралы ретінде спорттың маңыздылығы мәселелері талқыланды.

Форумды Ресей Федерациясының Үкіметі және Ресей Федерациясының Спорт министрлігі ұйымдастырды.

«Ресей – спорт державасы» XIII Халықаралық спорт форумының жұмысына 58 ел мен аумақтан 5000-нан астам адам қатысты.