Қазан, 2025 жылғы 16 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырды.
Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Марджани атындағы тарих институтының қолдауымен ғылыми қауымдастық пен қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Ғылым академиясының вице-президенті Айнур Тимерханов, Ш.Марджани атындағы тарих институтының орынбасары Марат Гибатдинов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Жәмиға Таңатарова және т.б. қатысты.
Дөңгелек үстелде қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Ресеймен өзара іс-қимылда жаңа мүмкіндіктер ашатындығына назар аударды. Қазақстанның ауқымды конституциялық реформасының және республиканың мемлекеттік моделінің кешенді трансформациясының уақтылы жүргізілгенін, бұл ашықтық, азаматтарды тарту және негізгі құқықтарды қорғау принциптеріне адалдықты көрсетеді.
Екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, аймақтық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер мен отандық тарихты зерттеу мәселелерін, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады. Сарапшылар XX ғасырдың басындағы Ресей империясындағы мұсылман қозғалысына қатысқан және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына үлес қосқан қазақ және татар қоғамы мен мемлекет қайраткері Уәлитхан Танашевтың өмірбаянын зерттеу қажеттілігін анықтады.
Сонымен қатар, мерейтойлық іс-шара аясында Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының халықаралық премьерасы Муса Джалиль атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында өтті, бұл түркі халықтарын біріктіретін тарихтың ерекше мәнін, ғылым мен мәдениеттің синтезін көрсетеді.
Тарихи драма алдында театрдың фойесінде Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесі, мәдениеті, елдің көркем табиғаты мен қазіргі заманғы сәулеті туралы ақпарат беретін фотокөрме ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қазақстандық «Мика» фильмінің режиссері Алдан Баймаханов мен сценарисі Артур Веэбер, «Эвакуация» драмасының режиссері және сценарисі Фархад Шәріпов, «Пряники для ее отца» фильмінің режиссері және сценарисі Алина Мустафина және «Крик» фильмінің режиссері Кенжебек Шайқақовтың көрсетуі ұйымдастырылды.
«Талисман» би театрының, жетекшісі Ержан Қамшыбаевтың қолдауымен Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ, татар, орыс халық және эстрадалық билері көрсетілді.
Іс-шараларға мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, дипломатиялық және іскерлік орта өкілдері, БАҚ және қазақ диаспорасының мүшелері қатысты.