Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басшысы Әлихан Байменов Нью-Йоркке іссапармен барды

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басшысы Әлихан Байменов Нью-Йоркке іссапармен барды

Нью-Йорк, 2025 жылғы 1–9 сәуір – Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов БҰҰ-ның Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі сарапшылар комитетінің (CEPA) 24-сессиясына қатысты. Аталған комитет – мемлекеттік басқару құрылымдары мен процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін БҰҰ-ның техникалық консультациялық органы болып табылады.

Сондай-ақ, Ә. Байменов мемлекеттік секторды трансформациялау мәселесіне арналған БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментімен (UN DESA) бірлесіп ұйымдастырған FutureGov сайд-ивентінде баяндама жасады.

Оған қоса, іссапар аясында Ә.Байменов БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) төрағасы Ларби Джакта мырзамен, UNDP басқару бөлімінің басшысы Сара Листер ханыммен, UN DESA мемлекеттік мекемелер мен цифрлық басқару бөлімінің директоры Жуанг Жу мырзамен, сондай-ақ БҰҰ-ның «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық басқармасының директоры Дима әл-Хатиб ханыммен екіжақты кездесулерді өткізді.

Кездесулер барысында Астана хабы мен БҰҰ құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары және мемлекеттік басқару мен қызмет көрсету саласында жаңа бастамаларды енгізу мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Мемлекеттік басқару ғылымдарының халықаралық институтымен (IIAS) және Латын Америкалық дамуды басқару орталығымен (CLAD) өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар өзара тәжірибе мен жұмыс нәтижелерімен алмасу және ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Сонымен қатар, осыдан бұрын Қазақстан тарапы Ә. Байменовтың кандидатурасын 2026-2029 жылдар аралығындағы БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) мүшелігіне ұсынды. Аталған комиссия БҰҰ Бас Ассамблеясының көмекші органы болып, БҰҰ жүйесі қызметкерлерінің еңбек жағдайларын реттеу мен үйлестіру мәселелеріне жауапты.

Өзінің сайлауалды науқаны шеңберінде және Астана Хабының қызметін ілгерілету мақсатында, Ә.Байменов БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерімен 40-тан астам екіжақты кездесу өткізіп, Хабтың жұмысы жайлы және мемлекеттік қызмет саласын жаһандық деңгейде дамыту жөніндегі көзқарасымен бөлісті.