
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 сәуір - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ұсынылған «Әділетті жаhан мен келісім үшін әлем бірлігі туралы» бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымында Бас Ассамблеяның (A/79/807) және Қауіпсіздік кеңесі (S/2025/132) ресми құжаттары ретінде таратылды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мемлекет басшылары кеңесі мақұлдаған бастама көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлімен неғұрлым әділ, инклюзивті және демократиялық әлемдік тәртіпті ілгерілетуге бағытталған.
Құжаттың негізгі элементтері әділ бейбітшілік формуласын бірлесіп іздеуге, жаһандық диалогты кеңейтуге, тұрақты экономикалық дамуды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруімен тиімді күресуге шақыру болып табылады.
Құжаттың толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://documents.un.org/symbol-explorer?s=A/79/807&i=A/79/807_1743193681901