БҰҰ жанындағы Орталық Азия мемлекеттерінің Тұрақты Өкілдерінің БҰҰ Бас Хатшысының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, БҰҰның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының Басшысы К.Имнадземен кездесуі туралы

БҰҰ жанындағы Орталық Азия мемлекеттерінің Тұрақты Өкілдерінің БҰҰ Бас Хатшысының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, БҰҰның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының Басшысы К.Имнадземен кездесуі туралы

Нью-Йорк, 2024 жылғы 24 шілде - БҰҰның жанындағы  Орталық Азия мемлекеттерінің Тұрақты Өкілдерінің БҰҰ Бас Хатшысының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) Басшысы К.Имнадземен кездесуі өтті. Кездесу барысында К.Имнадзе

БҰҰның Бас Хатшысы Антонио Гутерриштің жақында Орталық Азияға болған іссапарының қорытындылары және Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысуы туралы ақпарат берді. ОАПДӨО Басшысы БҰҰ Бас Хатшысының атынан Орталық Азия мемлекеттері басшылығына олардың елдеріндегі іссапары барысында көрсеткен жылы қабылдаулары және кездесулер ұйымдастырғаны үшін алғысын жеткізді. Жекелеп алғанда, К.Иманадзе БҰҰның Басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) Қазақстанның төрағалық етуіне жоғары баға берді және Орталық Азиядағы экономикалық интеграцияға қанағаттанатынын білдірді.

К.Имнадзе 2024 жылғы 9 тамызда Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесу аймақтағы елдердің экономикалық интеграциясы мен саяси қарым-қатынастарына жақсы әсер ететініне сенім білдірді.

К.Имнадзе жалпы болған оқиғаларға позитивті баға бере отырып, жақында (ү.ж 23 шілдесінде) өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ОАПДӨО қызметі туралы консультациялардың қорытындылары жөнінде ақпарат берді.