Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше-мемлекеттер полиция басшыларының төртінші саммитіне қатысты (UNCOPS 2024).
ІІМ басшысы Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісіп, бұл салада БҰҰ аясында ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.