2023 жылғы 26 қазан, Нью-Йорк қаласы, - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Бірінші комитетінің отырысында БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының (ҚДК) сессиясының қорытындылары туралы баяндама ұсынылды.
Қарусыздану жөніндегі комиссиясының баяндамасын биылғы сессияның төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин ұсынды.
Қарусыздану жөніндегі комиссиясының баяндамасында ғарыш кеңістігінде жарыса қаруланудың алдын алу саласындағы сенім мен ашықтық шараларын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ұсыныстар бар.
БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы Бас Ассамблеяға бағынатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады және оның қызметі қарусыздану саласындағы әртүрлі проблемаларды қарастыру мен ұсыныстар жасауды қамтиды. Комиссия жыл сайын сәуір айында үш апта бойы жиналады және өз жұмысын пленарлық отырыстар мен жұмыс топтары арқылы жүргізеді.
БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы мен БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші Комитеті, Қарусыздану конференциясымен бірге қарусыздану құралдарының үш тірегі болып табылады.