Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты нығайтуға күш салады

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты нығайтуға күш салады

Вена, 2023 жылғы 31 шілде – 11 тамыз – Финляндияның төрағалығымен БҰҰ-ның офисінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша шолу конференциясына Дайындық комитетінің отырысы өтуде.

Отырыс барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин 2024 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Женевадағы офисінде өтетін келесі сессияның төрағасы болып сайланды. Осы қызметте еліміздің өкілі 2026 жылы Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ЯҚТШ жөніндегі шолу конференциясының негізгі комитеттерінің бірін де басқаратан болады.

Төрағаның міндеттеріне ЯҚТШ-ны іске асыру бойынша Шолу конференцияның шешімдеріне ұсыныcтар әзірлеу жөніндегі комитетінің жұмысын үйлестіру кіреді.

Анықтама: ЯҚТШ – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды реттеу саласындағы негізгі халықаралық құқықтық құжаттардың бірі. БҰҰ-ға мүше 190 мемлекет Шартқа қосылды. Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет ретінде 1994 жылдан бері ЯҚТШ қатысушысы болып келеді.