Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерінің туларын орнату рәсімін өткізді

Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерінің туларын орнату рәсімін өткізді

Нью-Йорк, 2023 жылдың 3 қаңтары – Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2023-2024 жылдарға сайланған жаңа мүшелерінің туларын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді.

БҰҰ ҚК залының алдында өздерінің ұлттық жалауларын Эквадордың, Жапонияның, Мальтаның Мозамбиктің және Швейцарияның тұрақты өкілдері орнатты.

Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа жылдағы жұмысының алғашқы күнінде рәсімді өткізу дәстүрі Қазақстан - 2018 жылдың қаңтарында дүниежүзілік ұйымның осы орталық органына төрағалық ету кезінде негізі қалаған болатын.

Рәсімді аша отырып, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин әлемдегі қазіргі жағдай өзара әріптестік пен ынтымақты, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттердің ортақ мақсаттарға қол жеткізуге және БҰҰ-ның халықаралық құқығының қағидаттарын ұстануға ұмтылуын талап ететінін атап өтті.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет ету құрметіне ие болған Қазақстанның атынан Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және Кеңестегі басымдықтарыңызды жүзеге асыруда толағай табыстар тілеймін», - деді елші Қауіпсіздік Кеңесінің сайланған мүшелеріне арнаған сөзінде.

Қазақстан делегациясына рәсімді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, Эквадор, Жапония, Мальта, Мозамбик және Швейцарияның тұрақты өкілдері 2023-2024 жылдарға арналған Кеңестегі қызметтерінің басымдықтары туралы қысқаша баяндама жасады.

* * *

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бес тұрақты мүшелерімен (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция) қатар 10 тұрақты емес мүшелер бар, оларды БҰҰ Бас Ассамблеясы екі жылға, бес жыл сайын сайлайды.

Қазақстанның бастамасынан бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің залы алдында БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелерінің туларын ауыстыруы техникалық рәсімі ретінде өткізілген болатын. Жаңа дәстүрді енгізуімен бұл рәсім бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Кеңестің жыл-сайынғы бағдарламасының бірінші жұмыс күніндегі ресми іс-шараға айналды.

2019 ж. қаңтарда Қазақстанның Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің тулары үшін Қазақстанда жасалған және қазақ ұлттық оюлармен безендірілген арнайы тұғырлар сыйлады.