Қазақстан Кариб қауымдастығының CARICOM мемлекет-мүшесімен визасыз режимді орнатуда

Қазақстан Кариб қауымдастығының CARICOM мемлекет-мүшесімен визасыз режимді орнатуда

Нью-Йорк, 2022 жылғы 14 желтоқсан. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин мен Белиз Тұрақты өкілі Карлос Фуллер Нью-Йорк қаласында (АҚШ) Кариб қауымдастығының елдерімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін өзара визасыз режим туралы алғашқы келісімге қол қойды.

Халықаралық шартқа қол қою Қазақстан мен Белиздің достық қатынастарын нығайтуға, конструктивтік және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы ресми және жұмыс сапарларды жеңілдетуге ниеттерін растады.