Швейцария СІМ басшылығымен телефон арқылы сөйлесу туралы

Швейцария СІМ басшылығымен телефон арқылы сөйлесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 12 қаңтар - Швейцар тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер федералдық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ливия Лёй Агостимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында швейцариялық дипломаты Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтты. Сондай-ақ, ол Швейцария тарапының елдегі жағдайдың тез тұрақтанатынына сенімін атап өтті.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыпты өмірді қалпына келтіру бағытында жүргізіліп отырған шаралар туралы хабардар етті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.