Ауған әйелдеріне арналған гуманитарлық транзиттік дәліз туралы

Ауған әйелдеріне арналған гуманитарлық транзиттік дәліз туралы

Алматы, 2021 жылғы 26 қазан – Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады.

Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.