Нью-Йорк, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Ислам мәдени қоғамы мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бірқатар Тұрақты өкілдіктері ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде дипломатиялық қауымдастықты біріктіретін, гуманитарлық бастамаларды ілгерілетуге және өзара қолдауды нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
2025 жылы жиналған қаражат БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету және олар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігіне (UNRWA) – Газа секторындағы азаматтық халықты қолдауға бағытталған бағдарламалар үшін, сондай-ақ «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымына – Судандағы гуманитарлық операцияларды жүзеге асыруға жолданады.
Қазақстан делегациясы арнайы ұлттық стенд әзірлеп, Тұрақты өкілдік ұжымы дайындаған дәстүрлі тағамдарын ұсынды. Ұлттық стенд қатысушылар мен қонақтардың жоғары қызығушылығын тудырып, жәрмеңкенің мәдени алуан түрлілігі мен қайырымдылық миссиясына мәнді үлес қосты.
Қазақстанның аталған іс-шараға қатысуы еліміздің халықаралық гуманитарлық күн тәртібіне, өзара түсіністікті ілгерілетуге және қақтығыстардан зардап шеккен азаматтарды қолдауға деген берік ұстанымын тағы бір мәрте растады.