Қабыл, 2025 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Ауғанстан астанасына келді.
Аталған делегация құрамына Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы уәкілетті басшылары кіретін делегацияның басты мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, тау-кен, инвестициялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту болып табылады.
Қабыл қаласының әуежайында қазақстандық делегацияны Ауғантанның өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Н. Азизи және осы елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Тораби қарсы алды.
Әуежайда С. Жұманғарин Қазақстан Республикасының Президенті мен халқының атынан ауған халқына жалпы салмағы 3,3 тоннадан асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмектің екінші бөлігін тапсырды.
Анықтама: Қазақстанның гуманитарлық көмегінің бірінші бөлігін Ауғанстан халқына беру ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өтті, оған бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпелер, шатырлар кірді, жалпы көлемі 2,3 тоннадан асады.
Ауғанстанның табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Араби біздің ел ауғандықтарға қолдау мен тұрақты көмек көрсеткені үшін Қазақстан Президенті мен халқына шын жүректен алғысын білдірді.
Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған, оның ішінде Ауғанстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы М.Х. Ахундпен, Өнеркәсіп және сауда, Қаржы, Сыртқы істер, Қоғамдық жұмыстар, Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлерінің міндетін атқарушыларымен, Орталық банк, Ауғанстан кеден қызметі басшыларымен және басқалармен жүздесулеп бар.
Аталған кездесулерде сауда, экономика, көлік және логистика, телекоммуникация және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты уағдаластықтарды талқылау және оларға қол жеткізу жолдары жоспарлануда.
Делегация құрамында келген қазақстандық бизнес өкілдері отандық экспорттық өнімдер мен қызметтер саласындағы үш күндік көрмесін өткізу жоспарлануда.