Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдады

Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдады

Қабыл, 17 сәуір – «Хайратон» темір жол станциясында (Балх провинциясы), Ауғанстан халқына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыруға арналған, ресми іс-шара атқарылды.

Жалпы көлемі 2,255 кг жүк құрамы, бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпе, шатырларды қамтиды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінің басшысы Ғазиз Ақбасов, Ауғанстанның төтенше жағдайларға қарсы күрес ұлттық агенттігінің халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Бурхануддин Хан, сондай-ақ Балх провинциясының әкімшілігі қатысты.

Ғ.Ақбасов Қазақстан үкіметінің бауырлас ауған халқына тұрақты көмек көрсетуден тұратын гуманитарлық саясатына адалдығын атап өтті.

Ауғанстан тарапы Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына гуманитарлық қолдау және көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алғыс сөзін сөйлеу барысында Балх провинциясы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Қазақстан Республикасының ресми билігі тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі Ауғанстанға осындай қолдау көрсетіп отырған басқа елдерден айтарлықтай асып түсетінін атап өтті.

Салтанатты шара барысында қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғариннің ағымдағы жылдың 21-23 сәуірі аралығында Кабул қаласына өтетін сапары туралы анонс-ұсыныс жасады.

Осы С.Жұманғариннің сапары барысында, гуманитарлық көмектің екінші бөлігі, дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдары беру көзделіп,жоспарланған.