
05.04.2025, Қабыл - Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Сенімді Өкілі Ғ.Ақбасов пен Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар департаментінің директорымен Сайфурахман Рахиммен арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында қазақ-ауған қатынастарының күн тәртібінде гуманитарлық, оның ішінде білім және ғылым саласындағы байланыстарды дәйекті кеңейту мәселелері ерекше орын алатыны атап өтілді.
Өз кезегінде Сайфурахман Рахим Қазақстанның екі ел арасындағы достықты нығайтуға, сондай-ақ ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. Сайфурахман Рахим қазақстандық тарапқа сұранысқа ие мамандықтар бойынша ұлттық кадрларды даярлауға көмектескені, Ауғанстан студенттеріне шәкіртақы мен гранттар бөлінгені үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ кездесуде Ауғанстан экономикасының басым секторлары үшін, оның ішінде металлургия, құрылыс, жол инфрақұрылымы және т.б. салалар үшін кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар білім беру бағдарламаларындағы жұмыстарды күшейтуге және саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.