Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan»партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.

Партиялар