Қазақстан мен Сауд Арабиясы мәдениет саласындағы ынтымақтастық байланыстарын белсендіруде

Қазақстан мен Сауд Арабиясы мәдениет саласындағы  ынтымақтастық байланыстарын белсендіруде

2022 ж. 17 мамырда Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Мәдениет министрінің орынбасары Фахад Әл-Канаанмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар, соның ішінде мәдениет күндерін және басқа да бірлескен қазақстан-сауд мәдени іс-шараларын өткізу мәселелерін талқылады. Белгілі қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын "Елші" атты көркем фильмінің түсіріліміне ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта " Projects House "қазақстандық кинокомпаниясы 1928-1936 жылдары Бас Консул, содан кейін КСРО-ның Хиджаз, Недж және оған қосылған аумақтардағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Н.Төреқұлов туралы фильмді жарыққа шығаруды көздеуде. Бұл ретте фильмнің кейбір көріністері Сауд Арабиясының аумағында түсіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының Сауд Арабиясында өтетін мәдени фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері, қазақстандық фильмдерді көрсету, екі елдің танымал авторларының әдеби шығармаларын қазақ және араб тілдеріндегі аудармаларын басып шығару мәселелері қаралды.  

Өз кезегінде, Ф.Әл-Қанаан екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, сауд тарапының Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынастар орнатуға және тиісті меморандумға қол қоюға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ а.ж. қыркүйек айында Риядта өтетін кітап жәрмеңкесіне қатысуға шақырды.