Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту

Үстіміздегі жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) Бас консулы, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Талғат Шалданбай ИЫҰ Бас хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары доктор Ахмад Кавес Сенгендомен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы өзара іс-қимылдың жалпы мәселелерін, сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) қызметіне қатысты мәселелерді қарастырды.

                                                                                       

Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан АҚИҰ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Бүгінгі күнге дейін АҚИҰ Бас Ассамблеясының 3 сессиясы өтті. Кезекті сессияны биылғы жылдың үшінші тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған.