ИДБ басшысымен пандемия кезеңінде дамушы елдерді қолдау бойынша ҚР Президентінің бастамасы талқыланды

ИДБ басшысымен пандемия кезеңінде дамушы елдерді қолдау бойынша ҚР Президентінің бастамасы талқыланды

Үстіміздегі жылғы 22 ақпанда Жидда қаласында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, еліміздің Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Берік Арын Ислам даму банкінің Президенті Бандар Хаджармен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ИДБ арасындағы өзара іс-қимылдың жалпы мәселелерін, сондай-ақ Банк пен оның институттарының қатысуымен елімізде жүзеге асырылудағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық жобалардың іске асырылу барысын қарастырды.

Елші Б.Арын ИЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде жарияланған қазақстандық бастамаларды іске асыру бойынша Қазақстанның ИДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Осы тұрғыда дипломат ИДБ басшысын індет кезінде теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамуы төмен елдердің қарыз ауыртпалығын жеңілдетуді көздеген инновациялық шешімдерін табуға қатысты БҰҰ-ның өткен жылғы «COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі жан-жақты дамуды қаржыландыру» форумы барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған бастамасымен жан-жақты таныстырды. Осыған байланысты, Елші ИДБ-ны аталған бастаманы іске асырудың тиісті тетіктерін әзірлеуге қатысуға шақырды.

ИДБ Президенті Б.Хаджар Қазақстан басшысының бастамасын құптап, Банктің осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін зерделеуге дайындығын білдірді. Ол сондай-ақ ИДБ-ның Қазақстанмен коронавирустық инфекцияның таралуының теріс салдарларын еңсерудегі ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін растады.

Қазақстан 1995 жылдан бастап ИЫҰ-ның бас қаржы институты – ИДБ-ның мүшесі болып табылады. 1997 жылғы тамызда Банк Алматы қаласында ИДБ-ның Шығыс Еуропа, ТМД елдерімен, Моңғолия және Қытаймен қызметін үйлестіруге жауапты өзінің төрт өңірлік офисінің бірін ашты.

ИДБ Президенті Б.Хаджар «Астана» Халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамына кіреді.

Банк гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы Қазақстандағы көптеген инфрақұрылымдық және өзге де әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға қатысқан.