
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігіндегі) Бас консулдығы жанындағы № 459 сайлау учаскесі құрылды. Сайлау учаскесі 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.
Бас консулдықтың мекен-жайы: Al-Mustaqar str. 16, Al-Khalidiya District, Jeddah 55615
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысуға конституциялық құқылы.
Сайлау құқығыңызды жүзеге асырудың кепілі — сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде деректеріңіздің болуы.
Дауыс беру сайлау бюллетеньдері арқылы жүзеге асырылады. Бас консулдық жанындағы №459 учаскеде +966 58 066 0820 телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.
Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Бас консулдықтың бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.